Ақмола облысында айлакер көлік ұрысы ұсталды

Ұры көлікті сапар кезінде ұрлап кеткен.

Ақмола облысында айлакер көлік ұрысы ұсталды
сурет: polisia.kz
458

Ақмола облысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері айлакер ұрыны құрықтады, деп хабарлайды turkystan.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

4 қараша күні таңғы сағат 10:00 шамасында полицейдер  Еркебұлан Тұрмағамбетов пен  Жапар Раймбеков Екатеринбург – Алматы тас жолының 1071-шақырымында Toyota Camry автокөлігін байқаған.

"Көлік белгісіз себептермен тоқтап, екі жолаушысын түсірді де, кенеттен кері бағытта бұрылып кетті. Бұл тосын әрекет полицейлердің күдігін туғызды, сондықтан олар көлікті тексеруге шешім қабылдады. Алайда жүргізуші тәртіп сақшыларының заңды талабын елемей, қашуға тырысты. Полицейлердің қырағылығы мен кәсіби шеберлігінің арқасында қашқын көлікті 1066-шақырымда тоқтатуға мүмкіндік туды. Жүргізуші рөлге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кеткен. Тексеру барысында 46 жастағы жүргізушінің жеке тасымалмен айналысатыны анықталды. Сол күні ол Атбасардан Астанаға екі жолаушыны ала кеткен. Жол бойында жолаушылардың бірі көлікті тоқтатуды сұраған, мұны пайдаланып жүргізуші сыртқа шыққанда, бірден рөлге отырып көлікті айдап кеткен. Патрульдік полицейлер ұрыны дер кезінде ұстап, жедел-тергеу тобына тапсырды", – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары