Ләйлә Сұлтанқызы жас қыздарға кеңес берді

Ол қыс мезгілінде жас қыздарға жылы киініп жүруге шақырды.

Ләйлә Сұлтанқызы жас қыздарға кеңес берді
instagram
242

Танымал тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы қыс мезгілінде жас қыздарға жылы киініп жүруге шақырды.

«Қазіргі балалар етік кимейді, кроссовкимен жүре береді. Көшеде капрон колготки, қысқа шортымен жүрген қыздарды көріп, апатай осылай деп жатыр. Рас, бәріміз де бала болдық. Үйден қымтап қоя берсе, шетке шыққан соң бәрін шешіп тастайтын едік қой. Қазір апа үйдегі барлық немересінің аяқ киімін түнде міндетті түрде кептіреді. Сіңлілерім, табаннан өткен суық жаман болады. Оның қанша ауруға себеп екенін білсеңдер ғой. Бастарың мен аяқтарыңды жылы ұстаңдар! Сұлуынан жылуы керек», – деп жазды БАҚ өкілі.

Тележурналистің анасы да ақыл айтып, табаннан өткен суықтың емі болмайтынын айтты.

«Қазір күн суық. Ызғар жел бар. Көшедегі адамдардың үстіне қарап отырмын. 50 жастағы келіншек шортымен кетіп бара жатыр. Бұл дұрыс емес. Біз балаларымызға аяқтарынан су өтпеу үшін етіктің ішіне пакет орап беретінбіз. Біздің шешелеріміз етікке киізден ұлтарақ жасап беретін. Оны қайшымен қиып, етіктің табанына шақтаушы едік», – деді журналистің анасы.

 

Серіктес жаңалықтары