Президент Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Бішкек қаласына барды

Мемлекет басшысын Манас әуежайынан Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров қарсы алды.

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Бішкек қаласына барды
Aqorda
Автор
Админ
163

Бүгін Бішкекте Түркі мемлекеттері ұйымының кезекті он бірінші саммиті өтеді. Саммиттің тақырыбы «Түркі әлемін күшейту: Экономикалық интеграция, тұрақты даму, цифрлы болашақ және қауіпсіздік».

Мемлекет басшылары саммит аясында ұйымның күн тәртібін талқылап, бірқатар құжаттарға қол қояды. Олардың арасында саммиттің қорытынды Декларациясы бар.

Саммит қорытындысы бойынша Түркі мемлекеттері ұйымының 2025 жылғы төрағалығы Қырғыз Республикасына өтеді.

 

 

Серіктес жаңалықтары