Алимент төлемеген 22 азамат сотталды

Олар қылмыстық жазаға тартылды.

Алимент төлемеген 22 азамат сотталды
istockphoto.com
Автор
Админ
162

Олар бұған дейін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Халықты жұмыспен қамту орталығы ұсынған бос жұмыс орындарына орналасудан бас тартқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Биыл алимент төлемегені үшін 145 борышкер 5 күнге дейін әкімшілік қамаққа, 78 борышкер айыппұл төлеу туралы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Прокуратура енді  алимент төлемегені үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.

Серіктес жаңалықтары