ШҚО прокуратурасы дропперлерден 62 млн теңге өндірді

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы алаяқтарға қылмыстық қаржылық операцияларды жүзеге асыруға көмектесетін жеке тұлғалардың қатысуымен орын алатын алаяқтық фактілеріне назар аударып отыр.

ШҚО прокуратурасы дропперлерден 62 млн теңге өндірді
Автор
Админ
177

Бас прокуратура мен Жоғарғы Соттың бірлескен жұмысы аясында Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің негізсіз баю туралы 953-бабы негізінде дропперлерден қаражат жинау тетігі әзірленді.

Бүгінгі таңда сотқа 83 жәбірленушіден 160 млн теңгеден астам сомаға талап-арыздар түсіп, оның 52-сі қанағаттандырылып, дропперлерден 62 млнтеңгеден астам ақша өндірілді. Қалған істер қаралып жатыр.

Прокуратура азаматтарға оңай табыс табу туралы ұсыныстардан сақ болуды, жеке деректерді бермеуді және мұндай схемаларға қатысудан бас тартуды ұсынады.

Алаяқтық болған жағдайда, талап қою тәртібі туралы ақпарат алу үшін полицияға немесе прокуратураға хабарласуды ұсынады.

Серіктес жаңалықтары