151
«Шығыс» корпоративтік қорының басшысы 115 млн теңгені өзіне аударып алған
Қазір тергеу жүріп жатыр.
Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі құлағында кемістігі бар адамдармен жұмыс істейтін «Шығыс» корпоративтік қорының басшысының алаяқтық жасағанын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол мүгедек жандарға ымдау тілі мамандары сурдоаударма қызметтерін көрсетті деп өз картасына 115 млн теңге бюджет ақшасын аударған.
Тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.