167
Доллар бағасы 495 теңгеге жетті
Ұлттық банктің бүгінгі ресми бағамы 492,14 теңге.
Қазақстан қор биржасының (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 492,22 теңгені құрады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Kurs.kz мәліметінше Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде бір доллар 493,77 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада бір доллардың бағасы 495 теңгеге жетті.
Кеше доллар бірден 3,13 теңгеге қымбаттаған болатын.