Қойға шапан кигізіп, тойға алып шыққан бейне желіні шулатты (ВИДЕО)
Желі қолданушылары бейнеге пікірлерін жазды.
Әлеуметік желіде той сахнасына ұлттық киім кигізген қойды алып асаба желі қолданушыларының талқысына қалды, деп хабарлады turkystan.kz stan.kz-ке сілтеме жасап.
Видеодан асабаның шапан киген қойды дүркіретін ортаға алып шыққанын көруге болады.
Желі қолданушылары тойдағы бұл әрекетті «ұлттық киімді қорлау» деп, пікір білдірген. Асабаның орынсыз әзілін де сынап тастады.
«Мал десе, ренжиміз, малмыз ғой. Той иесі мен асабаның да санасы төмен. Қой, ұят болар, олай болмайды, дейтін бір адам жоқ па?», «Ұят ай, санасының жеткен жері осы ма? Қор болған шапаным ай, қуып кеткен қазағым ай...», «Ессіз асаба ма ессіз той иесі ма ұлттық құндылығыңның бірі үстіңе ілер бір киер шапаныңды малға кигізіп малмен тең болдың. Бір кем дүние», «Масқара! Қойдың туған күні сияқты ғой...өзімізді өзіміз мазақ қыламыз...», «Тойға мал барғаннан кейін кім болдық біз?», «Осындай тамаданы жалдамау керек», «Ұлттық киімді қор қылды!», «Қасиетсіздер», «Қазақты мазақ қылдыңдар!» - деп жазды қолданушылар.