«Қарызы 23 млн»: Алимент төлемеген Әйтеновтің көлігі тәркіленді

Марат Әйтеновтің Дана Әтешовадан үш баласы бар. Сол үш баласына төлемеген алиментін өтеу үшін көлігі тәркіленді.

«Қарызы 23 млн»: Алимент төлемеген Әйтеновтің көлігі тәркіленді
коллаж: turkystan.kz
Автор
Админ
548

Бұл туралы Астана қаласының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы Instagram-дағы парақшасында жазды.

«Жеке сот орындаушы Н.К.Мұратова үш балаға алимент өндіру туралы орындаушылық өндіріс бойынша борышкердің автокөлігін тәркілеп, айыппұл тұрағына қойлы. Қарыз сомасы 23 000 000 теңгеден асады. Әрі қарай бұл автокөлік электронды сауда арқылы сатылып, балалардың алдындағы қарызды жабуға жұмсалады», - делінген жазбада.

Осы жазбаның астына Марат Әйтеновтің бұрынғы жары, үш баланың анасы Дана Әтешова пікір қалдырып, жеке сот орындаушысына алғыс айтқан.

«Жеке сот орындаушы Мұратова Нұргүл Қайырғазықызына рахметімді айтамын. Марат Әйтенов пен Лейла Мирастың тарапынан көптеген арыз берілгеніне қарамастан, Нұргүл Қайырғазықызы өз жұмысын соңына дейін орындайды. Заңды қатаң сақтайды. Мұндай тамыр-таныс пен көп талап арызға екінің бірі шыдамас еді», - деген ол.

 

Серіктес жаңалықтары