Көкшетау қаласының әкімі тағайындалды

2024 жылғы тамыздан бастап Әнуар Күмпекеев Ақмола облысы әкімінің кеңесшісі болды

Көкшетау қаласының әкімі тағайындалды
gov.kz
305

Әнуар Күмпекеев Көкшетау қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлады Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 9 қарашадағы өкімімен Президент әкімшілігінің және қалалық мәслихаттың келісімі бойынша Әнуар Қайыргелдіұлы Күмпекеев Көкшетау қаласының әкімі болып тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, 2024 жылғы тамыздан бастап Әнуар Күмпекеев Ақмола облысы әкімінің кеңесшісі болды.

Серіктес жаңалықтары