Синоптиктер ертең еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жариялады

Ертең ауа райы қандай болады?

Синоптиктер ертең еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жариялады
istockphoto.com
273

"Қазгидромет" 11 қарашада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жариялады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 25 м/с дейін жетеді.

Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді, тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Астанада кей уақыттарда жаяу бұрқасын жүреді. Түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Ақтөбеде түнде көктайғақ болады деп күтіледі.

Қызылорда облысының оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Семейде жаяу бұрқасын жүріп, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Өскеменде де жаяу бұрқасын жүріп, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасың жүріп, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні  - 15-20 м/с.

Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Ақтауда да түнде және таңертең тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, таңертең және күндіз облыстың тау асуларында 25 м/с дейін жетеді.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді деп күтіледі.

Алматы облысының солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Серіктес жаңалықтары