Қазақ қызы тұңғыш рет ММА бойынша әлем чемпионы атанды

Финалда отандасымыз мексикалық Мелисса Диас Мединамен кездесіп, 13:1 есебімен жеңді

Қазақ қызы тұңғыш рет ММА бойынша әлем чемпионы атанды
Әлеуметтік желіден
306

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Мөлдір Әшірбекова қыздар арасында IMMAF MMA бойынша елімізден шыққан тұңғыш чемпион атанды.

Аралас жекпе-жектен әлем чемпионаты Халықаралық аралас жекпе-жек федерациясының ұйымдастыруымен (IMMAF) Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатыр. Мөлдір Әшірбекова 74,8 келі салмақта өнер көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды. 

Финалда отандасымыз мексикалық Мелисса Диас Мединамен кездесіп, 13:1 есебімен жеңіске жетті.

Серіктес жаңалықтары