243
Алматыда із-түссіз жоғалған азаматтың мәйіті табылды, төрт адам ұсталды
Алматы облысының полициясы қылмыстық іс қозғады.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Қарасай ауданының Жібек ауылында тұратын 51 жастағы азаматтың жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Ол 2 қарашада үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алматы облысының полициясы 9 қарашада Алмалыбақ ауылының маңынан ер адамның денесі табылғанын хабарлады. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық іздері болған. Полиция қылмыстық іс қозғады.
«Жедел-іздестіру шараларының барысында 9 қарашада Криминалды полиция қызметкерлері төрт күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады», - деді ведомство.
Алдын-ала дерек бойынша марқұм ломбардта бағалаушы болып жұмыс істеген.