Алматы облысының тұрғыны бір үйір жылқы ұрлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО)

Келтірілген шығын 12 миллион теңгені құрады.

Алматы облысының тұрғыны бір үйір жылқы ұрлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО)
Сурет: istockphoto.com
273

Жамбыл ауданының полицейлері Ақсеңгір ауылында тұратын азаматтың жайылымда жүрген 14 бас жылқысын ұрлады деген күдіктіні ұстады, деп хабарлады turkystan.kz.

– Оқиға 7 қарашада 39 жастағы жергілікті тұрғын 14 бас жылқының жоғалып кеткенін мәлімдеген кезде белгілі болды. Келтірілген шығын 12 миллион теңгені құрады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел-іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды, – деп атап өтті Жамбыл аудандық полиция бөлімінің бастығы Асхат Данияр.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері «ізін суытпай» күдіктінің жеке басын анықтады, ол жәбірленушінің ауылдасы болып шықты.

– Күдікті ұрланған малдарды сатып үлгерген. Қазіргі уақытта жәбірленушіге жылқылардың бір бөлігі қайтарылды, ал ұрланған малды сатып алушыға қатысты тексеру жүргізілуде, – деп толықтырды А.Данияр.

Күдіктіге қатысты сот «қамауда ұстау» шарасын белгіледі. Полиция ер адамның басқа осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Тергеу жалғасуда.

Серіктес жаңалықтары