Astana LRT - ның бұрынғы басшысы Талғат Арданға сырттай үкім шықты

11 қарашада Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты лауазымды қызметін асыра пайдаланды деп айыпталған Талғат Арданға қатысты үкім шығарды.

Astana LRT - ның бұрынғы басшысы Талғат Арданға сырттай үкім шықты
alrt.kz
Автор
Админ
243

Іс сотталушының қатысуынсыз, сырттай қаралды. Себебі Талғат Ардан бірнеше жылдан бері халықаралық іздеуде жүр, деп хабарлайды turkystan.kz

«2016 жылдың 22 желтоқсанында LRT А ЖШС басқармасының бұрынғы төрағасы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, қажеттілік болмаса да Қытайдың мемлекеттік даму банкінен сыртқы қарыз сұрап, 257,6 млн доллар мөлшеріндегі бірінші бөлігін алған. Бірақ ақша түскен сәттен бастап ол қаражат жобаға жұмсалмаған», - деді сотта.

2018 жылдың 26 қарашасында банк жұмысын тоқтатады. Ал банктен алған ақша ЖШС-ға қайтарылмаған. Сол себепті City transportation systems ЖШС-ға 85 млрд теңгеден астам шығын келген.

Сотта Талғат Арданның адвокаты қылмыс құрамы болмағандықтан оны ақтауды сұрады.

Сот оған 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырды.

Одан бөлек «City transportation systems» ЖШС-ның пайдасына 85 млрд теңгеден астам материалдық шығын өндірілді.

Серіктес жаңалықтары