Қосшы қаласына жаңа әкім тағайындалды

Азамат Қапышев Қосшы қаласының әкімі қызметіне тағайындалды.

Қосшы қаласына жаңа әкім тағайындалды
Автор
Админ
218

Азамат Қапышев 1978 жылы Ақмола облысының Зеренді ауданында туған. ҚР ІІМ Қарағанды заң институтын тәмамдаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

ҚР Президентінің әкімшілігінде жұмыс істеген. Зеренді ауданы әкімінің орынбасары, Ақмола облысы әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары болған. Қосшы қаласына әкім болып тағайындалғанға дейін Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Азамат Қапышевтің білікті маман екенін атап өтті. Жаңа әкімге тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық саласын және жоспарланған объектілержің уақытында пайдалануға берілуін қадағалауды тапсырды. Қоқыс шығару және шаһардың шырайын келтіру мәселелері өзекті деді.

Облыс әкімінің айтуынша Қосшы қаласы тиімді геограциялық жерде орналасқандықтан қалаға инвестиция тарту, кәсіпкерлік пен туризмді дамыту маңызды.

Қосшы қаласының бұрынғы әкімі Гайдар Касенов өз өтінішімен жұмысынан босатылған. Ол Қосшы қаласы Целиноград ауданының құрамынан шығарылып, облыстық қала мәртебесін алған кезде, 2021 жылдың тамызында тағайындалған болатын.

Серіктес жаңалықтары