Қуандық Бишімбаев әкелік құқығынан айырылмайтын болды

Астанада апелляциялық инстанция Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру туралы істі қарады.

Қуандық Бишімбаев әкелік құқығынан айырылмайтын болды
Ғаламтор
Автор
Админ
468

Экс-министрдің бұрынғы әйелі Назым Қаһарман бұған дейін де оны ата-аналық құқығынан айыру туралы арыз берген болатын. Ол кезде сот Назым Қаһарманның арызын қанағаттандырмаған. Ол шешімге көңілі толмаған Назым Қаһарман апелляциялық сотқа қайта шағым түсірген. Бұл жолы да сот Бишімбаевты әкелік құқығынан айырған жоқ.

Экс-министр сот отырысына онлайн қатысты.

«Осы уақытқа дейін алимент уақытылы төлеп келді. Талапкер Назым Қаһарманның айтып отырғаны шындыққа жанаспайды. Ол әлеуметтік желіде пиар жасап, сотқа қысым жасауға тырысуда. Мені балаларына алимент төлемей жүрген оңбаған етіп көрсеткісі келеді. Балаларымның оқуының ақысын менің өтінішім бойынша менің әке-шешем төлеп отыр. Қажет болса барлық құжатты ұсынамын. Егер балаларым қоғамдық өмірде өздерін жайлы сезіну үшін фамилиясын ауыстыру керек болса, қарсы емеспін», - деді ол.  

 

Серіктес жаңалықтары