186
Астанада қоғам белсенділері дүкен иелерін бопсалаған
Олар жеті кәсіпкерден ақша алған.
Астанада қоғамдық бірлестіктің екі басшысын азық-түлік дүкендерінің иелерінен ақша бопсалағаны үшін соттады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қоғам белсенділері жарамдылық мерзімі өтіп кеткен өнімдер туралы хабар бермес үшін сауда объектілерінен ақша талап еткен. Жеті кәсіпкер белсенділерге 25 мың теңгеден төлеген.
Сот оларды алған ақшасын қайтаруға міндеттеді. Прокуратура соттың белсенділерге нақты қандай жаза тағайындағанын хабарлаған жоқ. Бірақ сот белсенділерді алдын-ала келісіп, топ болып бірнеше мәрте ақша бопсалағаны үшін кінәлі деп таныған.
«Қоғамдық бірлестіктердің бақылау-қадағалау құқығы жоқ. Кәсіпкерлердің құқықтары бұзылған жағдайда прокуратура органдарының сall-орталығына хабарласу қажет», - деді Прокуратура.