Көкшетауда 22 жастағы жігітті өзінің үйлену тойы өтетін күні өлтіріп кеткен

Туыстары қылмыскерлер жазадан құтылып кетуі мүмкін деп қорқады

Көкшетауда 22 жастағы жігітті өзінің үйлену тойы өтетін күні өлтіріп кеткен
фото: baq.kz
383

Көкшетаудағы ойын-сауық орталықтарының бірінде 22 жастағы жігітті әлдекімдердің өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қазір жігіттің өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр. Сол себепті оқиғаның нақты қай ойын-сауық орталығында болғаны әзірге белгісіз.

Небәрі 22 жаста болған жас жігіт үйлену тойы күні көз жұмған. Полицейлер бұл жағдайға қатысты түсінік беріп, тергеу барысы басшылықтың бақылауында екенін түсіндірді. Туыстары қылмыскерлер жазадан құтылып кетуі мүмкін деп қорқады. Ақмола облысының әкімі бұл істі өз бақылауына алғанын қалаймыз, – делінген желіде тараған ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары