Астанада оқушы медбике берген таблетканы ішіп, уланып қалған

Медбикеге қатысты тергеу басталды.

Астанада оқушы медбике берген таблетканы ішіп, уланып қалған
istockphoto.com
Автор
Админ
234

Анасының айтуынша оқушы қыз мектептен келген соң, табалдырықтан аттаған бойда құлаған. Бала құса бастаған соң жедел жәрдем шақырған. Дәрігер баланың антибиотиктен уланғанын айтқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Соңғы сабақтардың бірінде қызымды медбике шақырып алып, сегіз таблетка берген. Ішуге мәжбүрлеген», - дейді анасы.

Бала тәуір болған соң ата-анасы №27 мектеп-гимназияның басшылығына хабарласып, жауап ала алмаған. Қазір іске Денсаулық сақтау министрлігі араласқан.

«Аумақтық комитет қызметтік тергеу жүргізіп жатыр», - деді Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев.

Бір жыл бұрын бір сыныптасынан түберкүлез анықталған. Содан кейін сыныптың барлық оқушысы есепке қойылған.

«Бүкіл класс есепте тұрды. Биыл есептен алды. Бала сау», - деді қыздың анасы.

Дәрігерлер антибоитикті ата-ананың келісімінсіз мұндай мөлшерде тағайындауға болмайтынын айтып отыр.

Оқушы қыздың анасы Прокуратураға шағым түсірген.

Серіктес жаңалықтары