Теңге бағамы күрт өзгермес үшін валюталық интервенция жүргізілуі мүмкін – Ұлттық банк

Соңғы бір айда доллар бағамы біршама өсіп, құбылып тұр.

Теңге бағамы күрт өзгермес үшін валюталық интервенция жүргізілуі мүмкін – Ұлттық банк
istockphoto.com
Автор
Админ
165

Оған АҚШ-тағы президент сайлауының нәтижесі айтарлықтай ықпал етті. Дональд Трамптың жеңісі АҚШ долларын күшейтіп, дамушы елдердің валюталары, соның ішінде теңге де әлсіреді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның үстіне мұнай бағасы да арзандап, 1 баррелі 74-75 АҚШ долларынан 71,83 АҚШ долларына дейін түсті.

2024 жылғы қарашаның басынан бері ұлттық валютаның биржалық сауда-саттықтағы бағамы 1,4%-ға әлсіреп, 1 АҚШ доллары үшін 495 теңгеге жетті.

Осыған байланысты Ұлттық Банк ұлттық валютаның құбылу шамасын – «шамадан тыс» деп бағалайды.

Ұлттық Банк ішкі валюта нарығындағы жағдайды қадағалап отыр. Спекулятивті жағдайда ұлттық валюта бағамының күрт өзгеруіне жол бермеу үшін Ұлттық Банк жедел әрекет етіп, валюталық интервенция жүргізуге дайын. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтты.

Серіктес жаңалықтары