Қызылордада есірткі өсіретін 3 фитозертхана анықталды
Сонымен қатар, есірткі заттарын насихаттайтын 18 жарнамалық сайттар бұғатталды.
Қызылордада есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты 287 қылмыстық іс тіркеліп, 174 сотқа жолдады. Бұл туралы облыстық прокуратура мәлімдеді.
Нашақорлыққа қарсы күресті үйлестіру нәтижесінде аймақта есірткіні өсірумен айналысқан 3 фитозертхана анықталып, олардың қызметі толығымен жойылып, кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, есірткі заттарын насихаттайтын 18 жарнамалық сайттар бұғатталып, есірткіні жарнамалайтын жазбалары мен граффитилерді жою шаралары жүргізілді.
Есірткіні жарнамалау дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-1-бабымен (есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) 18 қылмыстық іс қозғалған.
Жоба төңірегінде халыққа танымал оқырмандары ауқымды блогерлер арқылы әлеуметтік желілер мен пабликтерде есірткіге қарсы үндеулер туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 34 билборд, 835 брошюра парақшалары таратылды.