Оралда 32 үлескер сотта құрылыс компаниясын жеңіп шықты

Күдіктілер алаяқтық бабымен сотталды.

Оралда 32 үлескер сотта құрылыс компаниясын жеңіп шықты
istockphoto.com
Автор
Админ
153

Екі айыпталушы 4 жылда үлескерлерден 500 млн теңгеге жуық ақша жинап алып, өз міндеттемелерін орындамаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

34 адам өздерінің баспанасын сатып, қаражатын таунхаус құрылысына салған. Алайда айыпталушылар ақшаны алғаннан кейін, таунхаус құрылысын бастамаған.

Көбірек ақша тарту үшін әлеуметтік желілерде таунхаус салынып жатқаны жөнінде хабарландыру берген. Өздерін табысты кәсіпкер ретінде көрсеткенімен, шын мәнінде таунхаус салатын не жері, не рұқсат қағазы болмаған.

Үлескерлерді келісімшарттың жарамдылығына сендіріп, бірнеше тұрғын үй кешенін саламыз деп уәде берген. Бірақ бірде-бір объект салмаған.

Уәде етілген пәтерлері уақытында берілмегеннен кейін зардап шегушілер сотқа арызданған.

Сот күдіктілерді алаяқтық жасады деп, біреуін 7 жылға, біреуін 6 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ зардап шегушілердің шығынын қайтаруға міндеттеді.

Серіктес жаңалықтары