171
Шымкентте іздестіріліп жатқан азамат шетелде ұсталды
Қазіргі уақытта азамат Қазақстанға экстрадицияланып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Шымкентте бөтеннің мүлкін жымқыру фактісі бойынша іздеу жарияланған азамат шетелде ұсталды.
Шымкент қаласының полиция департаменті 2021 жылы М. есімді азаматтың аса ірі көлемде бөтеннің мүлкін жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған.
Күдікті Қазақстан Республикасынан тыс жерге қашып кеткеніне байланысты 2022 жылы Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен оған халықаралық іздеу жарияланды.
Қазіргі уақытта азамат Қазақстанға экстрадицияланып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеудің барысы Шымкент қаласы прокуратурасының бақылауына алынды.