152
Алматыда есірткі өндіретін жасырын зертхана табылды
Тінту барысында 7 кг астам дайын және 30 литр «мефедрон» сұйық психотроптық заты табылды.
8 қарашада ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты жасырын зертхананың әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы ҰҚК мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.
Ведомство мәліметінше, психотроптық затты дайындау кезінде Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.
«Тінту барысында 7 кг астам дайын және 30 литр «мефедрон» сұйық психотроптық заты, сондай-ақ зертханалық жабдықтар мен есірткі дайындауға арналған прекурсорлар алынды», – делінген ҰҚК хабарламасында.
Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.