Ақтөбе облысында итті аяусыз қорлаған оқушы жазадан құтылып кетті

Жануарларға қатыгездік жасау бойынша іс баланың кәмелетке толмағаны үшін тоқтатылды.

Ақтөбе облысында итті аяусыз қорлаған оқушы жазадан құтылып кетті
istockphoto.com
144

Ақтөбе облысында Итті байлап, пышақпен жарақаттаған тоғызыншы сынып оқушысы қылмыстық жазадан құтылып кетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Жануарларға қатыгездік жасау бойынша іс баланың кәмелетке толмағаны үшін тоқтатылды. Жасөспірімді тек орта мектептен шығарып, басқа қалаға жіберуге болады.

«Күдіктінің жасы 14-ке толмағанына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл оқиғаны Темір ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия тексеріп, сотқа жолдады. Тараздағы арнайы мектепке жіберу үшін материал сотқа жолданды», - деді Ақтөбе облысының полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Кәмелетке толмаған баланың ата-анасына қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Серіктес жаңалықтары