Елордада LRT депосының құрылысы басталды

Депо ғимараттарының жалпы ауданы шамамен 80 мың м² құрайды.

Елордада LRT депосының құрылысы басталды
cts_kz
139

LRT депосы Халықаралық әуежай маңайындағы 16,84 га аумақта орналасады. Ол LRT жүйесіне техникалық қызмет көрсету және басқару орталығына айналады.

Депо ғимараттарының жалпы ауданы шамамен 80 мың м² құрайды. Онда жылжымалы құрамға толыққанды техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін қажетті барлық нысандар орналастырылады.

Кешен вагондарды жуу ғимаратынан, қосалқы бөлшектер мен жабдықтар қоймаларынан, жолдарды жөндеуге арналған арнайы техника, сондай-ақ қызметкерлерді оқыту және біліктілігін арттыруға арналған әкімшілік ғимараттардан тұрады.

Депо аумағында пилотсыз пойыздарды басқару орталығы да құрылады. Автоматтандырылған басқару жүйесі қауіпсіздік пен тиімділікті едәуір арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ іске қосу, тежеу және станцияларда тоқтау сияқты процестерді автоматтандырып, адами фактордың әсерін барынша азайтады.

Эстакада бойынша негізгі құрылыс жұмыстарының аяқталуына байланысты, қысқы кезеңде құрылыс технологиясына сәйкес, LRT жобасының жұмыстары депо құрылысына шоғырланады.

Серіктес жаңалықтары