Алматыда теңге банкноттары мен монеталарының көрмесі өтіп жатыр

Экспозиция ұлттық валюта – теңге күнін мерекелеуге орайластырылған.

Алматыда теңге банкноттары мен монеталарының көрмесі өтіп жатыр
Ұлттық банк
Автор
Админ
188

Алматы қаласында JusanVibe арт-кеңістігінде ҚР Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚҰБ) теңге банкноттары мен коллекциялық және инвестициялық монеталарының көрмесі өтіп жатыр.

«Ұлттық төл валюта – тәуелсіздік пен егемендіктің нышаны, мемлекеттегі ақша жүйесінің негізі. Ұлттық Банк өткізетін экспозицияның мақсаты – қалың аудиторияны ұлттық валюта – теңге тарихымен, «Сақ стилі» банкноталарының жаңа сериясымен, инвестициялық және коллекциялық монеталармен таныстыру», – деді көрменің ашылуында ҚҰБ Төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин.

ҚҰБ бас дизайнері Санжар Нұрқасымов «Сақ стилі» сериясындағы банкноталардың тұжырымдамасы туралы айтып берді: «Жаңа серияның негізгі мақсаты – ұлттық валютаның қорғаныш дәрежесін арттыру, пайдалануға ыңғайлы ету және Қазақстанның мәдени құндылықтары мен тарихын дәріптеу».

Көрме тұжырымдамасында екі тақырыптық экспозиция көзделген – ҚҰБ теңге банкноттары мен инвестициялық және коллекциялық монеталары.

Көрме 22 қарашаға дейін жалғасады. Оған қатысқысы келетіндердің барлығы 17 қараша демалыс (жексенбі) күнін қоспағанда, 09:00-ден 18:00-ге дейін бара алады.

Көрме өтетін орын: Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 36, «First Heartland Jusan Bank» АҚ ғимараты, JusanVibe арт-кеңістігі.

Серіктес жаңалықтары