127
Дәрі-дәрмекті дұрыс сақтамағаны үшін 108 медқызметкер жауапқа тартылды
Олар медициналық және психобелсенді заттарды сақтау шарттарын бұзған.
Ішкі істер министрлігі «Дәрмек» операциясы аясында прекурсор мен медициналық препараттарды пайдаланатын 1 мыңнан астам мекемені тексерді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оның ішінде 721 дәріхана, 77 қойма, 159 емдеу-сауықтыру мекемесі, 129 өнеркәсіптік кәсіпорын бар.
«Сақтау шарттарын бұзғаны үшін 44 мыңнан астам таблетка мен 14 мыңнан астам психобелсенді ампулалар айналымы шектелді. Есірткі заттарының айналымына қатысты бес қылмыстық іс анықталды», - деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес комитетінің төрағасы Қуандық Әлжанов.