Қазпоштаның шатыры құлап, мүгедек болып қалған әйел сотта жеңіп шықты

Қазпоштадан 8,5 млн теңге материалдық шығын, 10 млн теңге моральдық шығын өндірілді.

Қазпоштаның шатыры құлап, мүгедек болып қалған әйел сотта жеңіп шықты
istockphoto.com
Автор
Админ
168

2023 жылдың көктемінде Жамбыл ауданы, Аса ауылында қатты жел "Қазпошта" АҚ филиалы ғимаратының шатырын ұшырып әкетіп, ол әйелдің үстіне құлаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шұғыл түрде реанимацияға жеткізілген әйелдің миы шайқалып, кеудесі мен жұлыны зақымдалып, 3-4 омыртқасы сынған. Содан кейін 1 топтағы мүгедектік санаты берілген.

Қазпоштаның Жамбылдағы филиалы жәбірленушіге 7 млн теңге көмек көрсеткенімен, ол қаражат шетелде емделуге жетпеген.

Сол себепті жәбірленуші сотқа жүгінуге мәжбүр болған.

Сотта Қазпоштаның өкілі кінәні мойындамады, 2021-2022 жылдары шатырға жөндеу жүргізілгенін, бірақ архивтен жөндеу жұмыстарына қатысты құжаттар табылмағанын, сәйкесінше шатырды ауыстырған мердігерді анықтау мүмкін болмағанын айтқан.

Сотта шатырдың құлауына мердігердің жөндеу жұмыстарын сапасыз жүргізгендігі себеп болғаны анықталды.

Қазпошта ғимаратты күтіп ұстауға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және күрделі жөндеу жұмыстарын бақылауға жауапты.

Сот жәбірленушінің арызын қанағаттандырды. Қазпоштадан 8,5 млн теңге материалдық шығын, 10 млн теңге моральдық шығын өндірілді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары