«20 жыл күттік»: Майра Мұхамедқызы ел білмейтін шындығын жария етті

«20 жыл күттік»: Майра Мұхамедқызы ел білмейтін шындығын жария етті
скриншот
849

ҚР Халық әртісі Майра Мұхамедқызы Дана Нұржігітке берген сұхбатында жеке өміріне қатысты сұрақтарға жуап берді. 

Өнер иесі жолдасының қиын кезеңде қолдауын аямағанын айтты. 

«Жолдасым өте парасатты адам. Біздің арамызда 20 жыл бала болмады. Сол кезде мен оған «өліп кетсем де бала туып беремін. Әйел ретінде саған қарызбын» дедім. Егер бала туа алмасам, басқа әйел алуға рұқсат етемін дедім. Махаббатымды қиямын дедім. Бірақ ол кісі көнбеді. «Ата-ана үшін бала маңызды екенін түсінемін, бірақ біздің арамызда махаббат бар» деді. Баланы беру Алланың қолында екенін айтып, мәңгі менімен қалуға уәде берді. Сен мені тастамасаң, мен сені тастамаймын деді. Мен уәдемде тұрып қызды дүниеге әкелдім», – деді опера әншсі.

Серіктес жаңалықтары