Қостанай облысында полиция итке пышақ сұққан адамды ұстады

Куәгер тәртіп сақшыларына хабар берген.

Қостанай облысында полиция итке пышақ сұққан адамды ұстады
istockphoto.com
Автор
Админ
191

Рудныйда ер адам итке пышақ сұғып алған. Оны көрген әйел адам жануарды қорғау үшін дереу полиция шақырған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полиция 41 жастағы күдіктіні ұстады. Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, мән-жайы анықталып жатыр.

Жануарларға қатыгездікпен қарау қылмыстық жауапкершілікке алып келеді. Ол үшін 200 АЕК-ке дейін айыппұл (738 мың теңге), түзету немесе қоғамдық жұмыстар (200 сағатқа дейін) тағайындалуы мүмкін, ал кей жағдайларда 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы көзделген.

Баршаңызды жануарларға қамқор болып, қатыгездік фактілері туралы полицияға хабарлауға шақырамыз.

Серіктес жаңалықтары