Қазақстанның мұнай тасымалдау көлемі 57,8 млн тоннаны құрады

Қазақстан мұнайы Италия, Нидерланды, Қытай, Корея Республикасы, Румыния, Франция, Греция, Түркия, Сингапур, Германия және т.б. елдерге экспортталады.

Қазақстанның мұнай тасымалдау көлемі 57,8 млн тоннаны құрады
istockphoto.com
Автор
Админ
150

2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнайды тасымалдау көлемі 57,8 млн тоннаны құрады.

Тасымалданатын мұнайдың 26%-дан астамы немесе 15,1 млн тонна отандық МӨЗ-ге жеткізілді.

 Каспий құбыр консорциумының құбыры арқылы шамамен 46,3 млн тонна мұнай тасымалданды.

«Атырау-Самара» учаскесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі шамамен 7,2 млн. тоннаны құрады.

2024 жылдың қаңтар-қазан айларында Германияға 1,2 млн тонна қазақстандық мұнай жіберілді.

10 айдың қорытындысы бойынша Ақтау портынан 3,1 млн. тоннадан астам мұнай тасымалданды, оның ішінде Махачкала портының бағыты бойынша 1,6 млн.тонна мұнай жөнелтілді, «Баку – Тбилиси – Джейхан» мұнай құбыры бағытында 1,2 млн. тонна жөнелтілді.

«Атасу – Алашанькоу» мұнай құбырының бағыты бойынша 1 млн тоннадан астам мұнай тасымалдау жүзеге асырылды.

Сондай-ақ 10 айдың қорытындысы бойынша ҚР аумағы арқылы мұнай транзиті 8,4 млн.тоннаны құрады, оның ішінде Ресей Федерациясы – Қытай Халық Республикасы бағыты бойынша 8,2 млн. тонна, Ресей Федерациясы-Өзбекстан Республикасы 217 тонна мұнай.

Қазақстандық мұнай Италия, Нидерланды, Қытай, Корея Республикасы, Румыния, Франция, Греция, Түркия, Сингапур, Германия және т.б. елдерге экспортталады.

Серіктес жаңалықтары