Қаржылық мониторинг агенттігі үндеу жасады

Агенттік өкілдері азаматтарды абай болуға, алаяқтарға алданбауға шақырады.

Қаржылық мониторинг агенттігі үндеу жасады
istockphoto.com
Автор
Админ
157

Қаскүнемдер өздерін Агенттік қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтарға қоңырау шалып, алдауға көшкен.

Алаяқтар телефон арқылы азаматардың ақшасын бөгде біреу ұрлауға тырысып жатқаны жайлы айтып, олардың шоттарындағы қаражатты сақтау үшін нұсқауларын орындауды сұрайды.

Өздерінің агенттік қызметкері екенін растау мақсатында жалған куәліктер және ҚМА логотиптері бар өзге де құжаттардың фотосуреттерін жібереді.

Олардың ықпалына түскен азаматтар өз жинақтарын зиянкестердің шоттарына аударады.

Сонымен қатар, Қаржылық мониторингі агенттігінің атынан әлеуметтік желілерде жалған парақшаларды ашу фактілері де жиілеп кеткен.

Белгісіз тұлғалар азаматтарға алаяқтық жобаларға салынған қаражаттарын тез қайтаруды ұсынады.

Парақшада жеке деректеріңізді, телефон нөмірін, сондай-ақ жоғалған қаражат сомасын енгізуді ұсынады.

Содан кейін әр түрлі нөмірлерден, оның ішінде шетелдік нөмірлерден де агенттер сізге қоңырау шалып, өздерін ҚМА қызметкерлері ретінде таныстырады және банктік шотыңыз бойынша мәліметтерді алуға тырысады.

Қаржылық мониторингі агенттігі жеке тұлғаларға телефон байланысы арқылы да, мессенджерлер арқылы да қоңырау шалмайды.

Азаматтардан қырағы болуға, ақпаратты ресми дереккөздермен салыстыруға және алаяқтардың айла-амалдарына алданбауды сұрайды.

 

Серіктес жаңалықтары