Оралдағы сот отырысы кезінде айыпталушының әкесі журналиске қол көтерген

Осы жайтқа қатысты Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеме жасады.

Оралдағы сот отырысы кезінде айыпталушының әкесі журналиске қол көтерген
Сурет: https://blog.tutortop.ru
241

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі umarovnews.kz интернет-басылымының журналисіне құқықтарын қорғауда қолдау көрсетуге дайын, деп хабарлады turkystan.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орал қаласында сот отырысы кезінде адам өлтіру ісі бойынша айыпталушының әкесі сот залында umarovnews.kz интернет-басылымының журналисі Талғат Омаровқа қол жұмсаған.

"Болған оқиғаға байланысты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Талғат Омаровтың құқықтарын қорғауда жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдейді. Бұл көмек адвокат ұсынуды және қажетті құқықтық қолдау көрсетуді де қамтиды. Сондай-ақ, Министрлік заңды журналистік қызметке кедергі келтірудің қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салады.  Бұл жағдай журналистің заңды кәсіби қызметін шектеу және қоғам мүддесі үшін жұмыс істейтін журналистердің құқықтарын өрескел бұзу саналады. Сот процестеріне қатысушылардың барлығы заң талаптарын сақтап, журналистердің құқықтарын құрметтеуі тиіс", делінген ведомство таратқан хабарламада.

Серіктес жаңалықтары