132
Ақтөбе қаласында депо бастығы сотталды
Оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Батыс» филиалы Жем пайдалану локомотив депосының бастығы сотталды. Бұл туралы Антикор хабарлады.
«Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық соты „ҚТЖ-Жүк тасымалы“ ЖШС „Батыс“ филиалы Жем пайдалану локомотив депосының бастығына қатысты үкім шығарды. Ол локомотив депосының кадрлар жөніндегі делдал-менеджері арқылы адамды тепловоз машинисінің көмекшісі лауазымына орналастыру үшін 1,5 млн теңге сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылды», — делінген хабарламада.
Оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сол үкіммен делдал 1 жылға 6 айға бас бостандығынан айырылды, пара берген адам және оның көмекшісі 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.