Алматылық блогер жалғызбасты көпбалалы анаға баспана сыйлады (ВИДЕО)

Дархан Жолшыбеков жалғызбасты анаға жаңа пәтерінің кілтін табыстап, әр бөлмесін көрсетіп шықты.

Алматылық блогер жалғызбасты көпбалалы анаға баспана сыйлады (ВИДЕО)
скриншот
157

Танымал блогер Дархан Жолшыбеков жалғызбасты көпбалалы ананың арманын орындап, игі іс жасады.

Ол осыған дейін жалдамалы пәтерде тұрып келген 4 баласы бар әйелге пәтер сыйлаған. 

«Әпке, сізге көмек керек деген хабар түсті. Сондықтан біз қазір сізге үй сатып алып келдік. Мынау – сіздің үйіңіздің кілті. Қазір барып рәсімдейміз. Барлық балаңызға бөлме жетеді, әпке. Ешнәрсе уайымдамаңыз. Мен тек себепкер! Әр адам, отбасы, бала бақытты болсын», – деді ол.

Дархан Жолшыбеков жалғызбасты анаға жаңа пәтерінің кілтін табыстап, әр бөлмесін көрсетіп шықты. Көпбалалы ана блогерге алғысын айтып, көз жасына ерік берді.

«Әкелерінің бөлек отбасы бар. Өзім қатерлі ісікпен ауырамын. Кеше сіздің әйеліңізге той жасап бергеніңізді көріп, «Қыздарыма да осындай адам жолықса екен» деп тілеп едім. Соңғы кезде денсаулығым болмай жүр. Екі рет ота жасалды. Ертең мен өмірден өтсем, балаларымды балалар үйіне өткізіп жіберер деп ойлап, баспана алуды жоспарлап жүр едік. Бұл үйді де жалдап тұрамыз. Қазан айындағы пәтер ақыны төлей алмадық. Сатуға шығардым деп айтып кеткен. Бүгін енді өз баспанамыз болады», – деді ол.

Серіктес жаңалықтары