Aqyl Life жобасы басталды

Aqyl Life жобасы басталды
108

Елордада «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы мен қала әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқармасы бірлесіп есірткі қылмысы мен лудоманияға қарсы іс-қимыл жөніндегі Aqyl Life-2024 жобасын бастады. Іс-шараның алғашқы басқосуы №28 мектеп-лицейде 8-11 сынып оқушылары арасында өтті. 

Aqyl Life жобасы оқушылар мен сту­дент­терге дағдыларын дамыту, білім алмасу жә­не жаңа идеяларға шабыт алу мүмкіндігін бе­реді. Жиынға Туризм және спорт ми­нистр­лігінің өкілі, ҚР ізгі ниет елшісі, қа­зақ­стандық алып күш иесі Сергей Цыру­ль­ни­ков, әлеуметтік кәсіпкер, GreenTal ком­па­­­ниясының негізін қалаушы, Әлеуметтік ин­новаторлар қауымдастығының пре­зи­денті Эмин Аскеров қатысты. Спикерлер кі­тап оқудың маңызы, кітаптың қиын­дықтармен күресуге тигізер пайдасы, да­муға шабыттандыратыны және саналы өмір салтын қалыптастыруға көмектесетіні туралы әңгімелеп берді. 
Әлеуметтік инноваторлар қауым­дас­ты­ғының президенті Эмин Аскеров бизнесте даму үшін жылына 50 кітап оқу керегін айтты. 
– Қазір әлемде 400 мыңға жуық маман­дық бар. Жыл сайын оның 500-і жойылып оты­рады. Бұл маман иелерінің орнын ро­бот­тар басып жатыр. Мен мұнымен ешкімді қор­қытқым келмейді. Алайда шындық осы. Сондықтан біз бәсекеге қабілетті болуымыз ке­рек. Ол үшін жан-жақтылық танытып, түр­лі бағыттағы кітаптарды оқуымыз қа­жет, – деді ол.
Ал қазақстандық алып күш иесі Сергей Цы­рульников кез келген хоббиді мо­не­ти­за­­циялау арқасында бизнес бастауға бола­тынын айтты.
– Қазір түрлі аудиокітап бар екенін бі­­ле­мін. Бірақ кітапты парақтап оқу адам­ға ерек­ше әсер етеді. Сондай-ақ ақ­па­ратты тез қа­былдап, мазмұнын оңай тү­сінесіз. Себебі бар зейініңіз тек сол кі­тап­та болады. Мен қа­зір тек бір бағыт­та­ғы кітаптарды оқы­май­мын. Поэзияны да, бизнеске арналған кі­тап­тарды да оқи­мын. Бұл жан-жақты да­му­­ға көмегін ти­гізеді, – деді ол. 
№28 мектеп-лицейінің директоры Ай­гүл Құсайынова да өз сөзінде оқушылардың тәр­бие мәселесіне көбірек көңіл бөліп жатқанын атап өтті. 
– Кітап оқудың оқушылар үшін тәрбие­лік мәні көп. Бұл олардың білім алуына көп көмектеседі. Бүгінгі іс-шарадан біздің бала­лар көп жақсы эмоция алды, – деп түйіндеді сөзін мектеп басшысы. 
Есірткі қылмысына және лудоманияға қар­сы жоба аясында кітап оқуға байла­ныс­ты кездесулер, пікірсайыс турнирлері және интеллектуалдық ойындар өткізу жоспарға алынып отыр. Бұл іс-шаралар жастардың сарап­шылық ойлауын, шешендік қабілетін және топтық рухын дамытуға ықпал етеді.
– Бүгінде жастардың көбі бос уақытын тиім­сіз өткізеді. Мұның соңы лудомания мен есірткіқұмарлыққа алып келуі мүмкін. Осы орайда біз балалардың бос уақытын ин­теллектуалды ойындарға аударып, қы­зықты кітап оқуға тарту мақсатында осы жо­баны іске асырып жатырмыз. Дебат ойын­дары кезінде өзекті деген 15-20 та­қырып қамтылады. Дебат британдық фор­м­атта өтеді. Бір топта екі адам болады. Жас­­­­тар өте күрделі тақырыптарды талқы­лай отырып, топтық рухты сезініп, білім жо­лында жеңімпаз атанып, пайдалы іспен айна­лысады, – дейді Астана қаласы әкімді­гі­нің «Астана жастары» орталығының ма­ма­ны Олжас Амангелді. 
Aqyl Life жобасы аясында қатысушылар үш қызықты компонентке еніп, тәжірибе ал­масады. Жобаның бірінші бөлігі – кітап ту­ралы кездесулер, онда танымал спикер­лер өздеріне көбірек әсер қалдырған үш кі­тап­пен бөліседі. Яғни, бұл – жаңа шығар­ма­лармен танысып қана қоймай, пікірлес­тер­мен оны жан-жақтылы талқылап, пікір ал­масу мүмкіндігі.
Екінші бөлігі – дебаттық турнирлер, бұл студенттер арасында дебатты дамытуға мүм­кіндік береді. Мұндай жарыстар – өзек­ті тақырыптарды талқылауға, оған аргу­мент­тер келтіру мен сыни тұрғыдан ойлау дағ­дыларын дамытуға арналған алаң. Қа­ты­сушылар өз пікірлерін білдіреді әрі қор­ғауға мүмкіндік алады.
Үшінші бөлігі – зияткерлік ойындар, олар елорданың жоғары және орта арнайы оқу орындарының студенттері арасында өте­ді. КВИЗ форматы қатысушыларға өз бі­­лімдерін көрсетіп және басқа қатысу­шы­лармен бәсекелесуге шыңдайды.
Бұл жоба биыл күздің жарқын оқи­ға­ларының бірі ретінде қатысушыларға жаңа білім, идеялар мен ұмытылмас әсер сый­лайтыны анық. 

А.Бимендиева

Серіктес жаңалықтары