Павлодарда асырап алған қызын зорлаған орманшы өз-өзін атып өлтірді

Кәмелетке толмағанды зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Павлодарда асырап алған қызын зорлаған орманшы өз-өзін атып өлтірді
istockphoto.com
152

Павлодардағы Железин ауданында ер адамның жетім қызды 6 жыл зорлап келгені анықталды. Ол бұған дейін қыз баланың қамқоршысы болған.

Железин ауданындағы балалар үйінің 16 жастағы тәрбиеленушісін гинекологиялық тексеру барысында бұрын оның ер адаммен жыныстық қатынаста болғаны анықталған. Педофилдік әрекет біраз жыл бұрын, оны қамқоршылыққа алған ер адаммен жасалған.

Құқық қорғау органдары орманшы болып жұмыс істеген күдіктінің үйіне келгенде, ол аңшылық мылтықпен өз-өзін атып өлтірген.

— Кәмелетке толмағанды зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталды. Алайда күдікті жәбірленушінің аталған дерек бойынша полицияға жүгінгенін біліп, өз-өзіне қол жұмсады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Тергеу Павлодар облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, — деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Серіктес жаңалықтары