157
Шұжықты үнемі тұтыну өмірді қысқартады - диетолог
Ол ішек микрофлорасының жағдайын нашарлатады
Диетолог Михаил Гинзбург шұжықты тұрақты түрде тұтыну адам өмірін қысқартатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
Маманның айтуынша, шұжықты үнемі тұтыну денсаулыққа кері әсер етпей қоймайды.
Шұжық – ет өнеркәсібінің жоғары өңделген өнімі. Тіпті 100 грамм шұжық немесе бекон ағзаға теріс әсер етуі мүмкін. Ол ішек микрофлорасының жағдайын нашарлатып, жасқа байланысты аурулардың даму қаупін арттырады, – деді Михаил Гинзбург.
Ал мұндай өнімдерден бас тарту дене ресурстарын қалпына келтіруге және денсаулықты жақсартуға мүмкіндік береді екен.