Баламалы қуат көзін дамытуға бағытталған жобалар жемісті жүзеге асуда

Баламалы қуат көзін дамытуға бағытталған жобалар жемісті жүзеге асуда

Баламалы қуат көзін дамытуға бағытталған жобалар жемісті жүзеге асуда
ашық дереккөзі
366
Жамбыл облысында баламалы қуат көзін дамытуға бағытталған жобалар жемісін бере бастады, – деп хабарлайды 24.kz арнасы. Өткен жылдың өзінде Қордай ауданындағы жел электр станциясы сағатына 160 миллион электр энергиясын  өндірді. Биыл аймақта үлкен қосалқы станцияның құрылысы басталады. Қордай асуындағы мына жел электр станциялары үш бірдей компанияға тиесілі. Екі жоба толықтай жүзеге асырылып, тұрақты жұмыс істеп тұр. Ал қуаты 53,75 мегаваттық үшінші станция кезең-кезеңмен салынып жатыр. Оның қуаты алдыңғыларынан екі жарым есеге көп. Қазір 19 қондырғы орнатылып қойған. Ол пайдалануға берілген күннен бастап шамамен 47 миллион киловатт сағат электр энергиясы өндірілген. «Электр энергиясын өндіру көлемі тікелей табиғатқа байланысты. Жел көбейген сайын өнім де арта түседі. Бұл таза жасыл энергия. Қазір 40 шақты станция жұмыс істеп жатыр. Оның 21-нің қуаты 1 мегаваттан, 17-сінің 1,65 мегаватт болады. Жоба әрі қарай да жалғасын табады», – дейді өндіріс жөніндегі директор Марат Түкбаев. Алыстан шағын болып көрінгенімен әр мұнараның биіктігі 70-90 метрге дейін жетеді. Басында айналып тұрған қондырғының әр қалағының салмағы 3 тонна тартады. Ол желдің екпіні секундына 4 метрден асқанда ғана айнала бастайды. Ал желдің күші секундына 25 метрге жеткенде станция автоматты түрде бұғатталып, сіресіп қалады. Ол генератордың зақымдануынан сақтайды. Қазір өңірге қажетті электр энергияның басым бөлігі Қырғыз елінен алынып отыр. Жақында қосалқы станция салынбақ. Жоспар орындалса, бұл импорт көлемін төмендетуге сеп болды. Тағы бір жаңалық. Қордай асуында жылдық қуаты 99 мегаватт болатын жаңа станция бой көтереді. Қазір осыған қатысты келіссөздар жүріп жатыр.  

Серіктес жаңалықтары