KazSat-3 спутнигінің байланыс операторларының саны 16-ға жетті

KazSat-3 спутнигінің байланыс операторларының саны 16-ға жетті

KazSat-3 спутнигінің байланыс операторларының саны 16-ға жетті
ашық дереккөзі
189
Қазақстандық KazSat-3 байланыс және хабар тарату спутнигіне «Алма ТВ» сауда маркасымен «Алмател» АҚ қосылды. Бұл туралы «Алма-ТВ» баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.  «Алма ТВ» HEVC стандартында хабар тарататын елдегі алғашқы оператор болып отыр. Аталған компрессия жүйесі арналардың санын көбейтуге, сапасы мен жарығын жақсартуға және Ultra HD, 4K арналарды трансляциялауға мүмкіндік береді», - деп хабарлады «Алма-ТВ» баспасөз қызметінен. «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ 2004 жылы 18 наурызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес құрылды. РҒБО мамандары KazSat орбиталық спутниктік тобының екі байланыс және хабар тарату ғарыш аппаратын қолданысқа енгізу жұмыстарын жүргізуде. Алма-ТВ KazSat-3 спутнигінің 16-шы байланыс операторы болды.  

Серіктес жаңалықтары