«Матасына ақша аямаймын»: Мақпал Жүнісованың ең қымбат көйлегі қанша тұрады?

Айтуынша, анасы жабысып тұратын киім киюіне қарсы болған

«Матасына ақша аямаймын»: Мақпал Жүнісованың ең қымбат көйлегі қанша тұрады?
фото: әлеуметтік желіден
2233

Қазақстанның халық әртісі, белгілі әнші, халықтың сүйіктісі Мақпал Жүнісова киіну стиліне ерекше қарайтынын айтты. Ол өзінің гардеробындағы көйлектері жайлы құпияны ашты. Бұл туралы ол Massaget.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Мақпал Жүнісова стильге ерте жастан мән бергенін айтты. Оның сөзінше, киімнің үлгісі, киген кезде ыңғайлы тұруы аса маңызды. 

"Менің гардеробымда аса қымбат көйлек жоқ. Бірақ мен көйлектің матасына ақша аямаймын. Оның дизайнына, тігілуіне қатты мән беремін. Жабыстырып көйлек кие алмаймын. Ол кең тұратын әрі мыжылмайтын болуы керек. Өйткені гастрольде, анда-мында жүргенде көйлек үтіктеп отыруға уақытым болмайды. Десе де түрі ұнаса 3-4 мыңның матасына да көйлек тіктіре беремін" деп жауап берді ол. 

Мақпал Жүнісова стильінің қалыптасуына анасының берген тәрбиесі әсер еткенін айтты. Айтуынша, анасы жабысып тұратын киім киюіне қарсы болған. 

"Анам жастайымнан "қыз балаға тырысқан, жабысқан киім киюге болмайды" деп үйреткен. "Қыз бала қызық болуы тиіс. Өзінің қызығын тек жарына көрсетуі керек" дейтін. Сол ақылы санама әбден сіңіп қалған. Ешқашан жабысқан, тырысқан киім киген емеспін. Қазір мен өзім боянамын, өзіме дизайнермін, өзіме стилистпін" деп қосты ол. 

Серіктес жаңалықтары