255
IFEX Қазақстан президентінен журналист Жанболат Мамайды құдалауды доғаруды сұрады
IFEX Қазақстан президентінен журналист Жанболат Мамайды құдалауды доғаруды сұрады
IFEX - сөз еркіндігін қорғау және насихаттауға арналған ұйымдардың халықаралық желісі қазақ журналисі Жанболат Мамайдың қамауға алынуы мен қудалануына алаңдаушылық білдіріп, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа үндеу жолдады. Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады.
Үндеуде IFEX журналист Мамайдың Алматыдағы тергеу абақтысында соққыға жығылғаны туралы мәлімдемесін тергеуге кеңес берді. Бұған қоса ұйым журналисті қудалауды доғаруды, әділ сот процесін қамтамасыз етуді талап етті. IFEX Мамайдың және оның отбасының қауіпсіздігіне кепілдік беруін сұрады.
Мәлімдемеге 29 адам құқығын қорғаушы ұйым қол қойды, солардың ішінде алматылық "Әділ сөз", "Артикль 19", Журналистерді қорғау комитеті, Цензура индексі және басқалары бар.
Еске сала кетейік, "Саяси қалам. Трибуна" газетінің редакторы Жанболат Мамай ақпанның ортасынан бері қамауда отыр. Оған БТА банктің бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов "ұрлады" делінген қаражаттын заңдастырумен айналысты деген айып тағылған. Мамай бұл айыптарды жоққа шығарды. 2009 жылдан бері Еуропада тұратын оппозициялық саясаткер Әблязов айыптауларды "абсурд" деп атап, Мамаймен ешқашан кездеспегенін мәлімдеді.