Түркияда ұлттық аза тұту күні жарияланды

Түркияда болған өрт салдарынан 66 адам қаза тапты

Түркияда ұлттық аза тұту күні жарияланды
703

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған сәрсенбіде қайғылы оқиғаға байланысты ұлттық аза тұту күнін жариялады, деп жазды turkystan.kz.

Ол бұл туралы сейсенбіде Министрлер кабинетінің отырысынан кейін халыққа жолдауында мәлімдеді.

"Жиырма екінші қаңтарда ұлттық аза тұту күні жарияланды. Күн батқанға дейін елдің туы түсіріледі", - деді түрік басшысы.

Бұған дейін Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликая Түркияның Карталкая курортындағы өртте 66 адам қаза тауып, 51 адам зардап шеккенін айтқан болатын. Өрт сейсенбіге қараған түні ғимаратты шарпыған.

Серіктес жаңалықтары