НАТО Украинаға заманауи қару-жарақ жеткізіп беруге ниетті

НАТО Украинаға заманауи қару-жарақ жеткізіп беруге ниетті

НАТО  Украинаға заманауи қару-жарақ жеткізіп беруге ниетті
ашық дереккөзі
259
НАТО күштерінің Бас қолбасшысы және АҚШ-тың еуропалық қолбасшылығының басшысы генерал Кертис Скапарротти Украинаға заманауи қару жеткізуді ұсынды. Әскери блок Украинаның Ресей қолдайтын жікшілдермен күресіне осылай көмектескісі келеді, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі. 
"Менің жеке пікірім: біз Украинаға қорғаныс қаруын жеткізу мүмкіндігін қарастыруымыз керек", - деді Скапарротти. Ол Вашингтонда АҚШ Конгресі Қауымдар палатасының Қарулы күштер жөніндегі комитетінің жиналысында сөйледі. Бұрынғы президент Барак Обама әкімшілігі бұған дейін Украинаға бронды кеудешелер, түнгі көру құралдары және басқа да жарақтар берген еді. Бірақ сол кезде әкімшілік қызметкерлері Конгрестің Украинаға танктерге қарсы қолданылатын "Джавелин" зымырандары секілді қаруларды беруге келіспеді. Скапарроттидің мәлімдеуінше, Ресеймен шекаралас орналасқан Украина мен Грузия Мәскеудің зұлым әрекеттерімен күресіп келеді. Генералдың пікірінше, "күш жинаған Ресей серіктестен антагоиске айналды, өйткені ол қайтадан әлемдік держава болғысы келеді". Жиналысты ашқан АҚШ Өкілдер палатасының Қарулы күштер жөніндегі комитетінің өкілі Мак Торнберридің мәлімдеуінше, Ресейдің басты мақсаттарының бірі - тарихтағы "ең сәтті әскери альянс" - НАТО-ны әлсіретіп, ақыры ыдыратып тыну.

Серіктес жаңалықтары