Өзбекстанда арнайы дипломы жоқ тәрбиешілер жұмыстан қуылып жатыр

Өзбекстанда арнайы дипломы жоқ тәрбиешілер жұмыстан қуылып жатыр

Өзбекстанда арнайы дипломы жоқ тәрбиешілер жұмыстан қуылып жатыр
ашық дереккөзі
424
Өзбекстан билігі наурыз айының басынан бері елдегі балабақшаларды жіті тексеруге алды. Соның нәтижесінде арнайы педагогикалық білімі жоқ тәрбиешілер жұмыстан шығарылады. Елдегі республикалық балабақшаларға енді дипломы барлар ғана қабылданады. Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады.
Республикада мектепке дейінгі мекемелерде аттестация өткізу шарасы Сұрхандария облысындағы 23 балабақшада "бордель" ұйымдастыру қылмысы ашылған соң қолға алынды. Білім министрлігі қызметкерінің айтуынша, тексеру кезінде тәрбиешілердің кәсіби дайындығына ерекше көңіл бөлінеді. "Біз тәрбиешілердің баламен жұмыс жасау әдісіне, тәрбие беру тәсіліне қараймыз. Тексеру жүргізушілер балабақшалардағы тамақ сапасына көңіл бөледі", - деді ол. 36 жастағы тәрбиешінің айтуынша, тексеруші топ оны педагогикалық білімі жоқ болуына байланысты жұмыстан шығарған. "Мен 14 жыл тәрбиеші болып жұмыс істеймін. Олар дипломым жоқ болғандықтан мені жұмыстан шығарды. Менің жұмыс өтіліме де қараған жоқ", - деп арызданды балабақшаның бұрынғы тәрбиешісі. Еске салайық, Сұрхандария облысының Денау ауданындағы бір балабақшада тәрбиешілердің баланы ұрып-соққаны түсірілген видео Интернетте тарады. Бұл балабақшада түнде "бордель" ұйымдастырылатыны анықталды. Осы оқиғадан соң облыстағы 290 мекеме тексеріліп, 23 балабақшада интим-қызметі көрсетілгені әшкереленді.

Серіктес жаңалықтары