«Ұшақта 176 адам болған»: Бірнеше минуттан кейін ұшуы тиіс әуе көлігі өртеніп кетті

Жолаушылар дер кезінде эвакуацияланды.

«Ұшақта 176 адам болған»: Бірнеше минуттан кейін ұшуы тиіс әуе көлігі өртеніп кетті
видеодан алынған скрин
1545

Оңтүстік Кореяның Пусан қаласындағы әуежайда ұшуға дайындалып жатқан Air Busan әуекомпаниясының ұшағы өртеніп кетті, деп хабарлады turkystan.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ұшақта 176 адам болған. Барлық 169 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі үрлемелі траптар арқылы дер кезінде эвакуацияланған. Өрт сөндірушілердің хабарлауынша, эвакуация кезінде үш адам жеңіл жарақаттар алған.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, өрт ұшуға бірнеше минут қалғанда ұшақтың құйрық бөлігінде басталып, тез арада ұшақтың барлық бөлігіне тарап үлгерген. Ұшақ толығымен жанып кетті.

Серіктес жаңалықтары