1738
«Бақыт тілеңіздер»: Альбина Шардарова көпшілікке сүйінші жаңалығын бөлісті
Ол актер Бауыржан Сатовтың қарындасы тұрмысқа шығып жатқанын мәлім етті.
Актер Бауыржан Сатовтың қарындасы тұрмысқа шығып жатыр. Бұл туралы актердің әйелі әрі әнші Альбина Шардарова әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, көпшіліктен сүйінші сұрады.
«Күнделікті күйбелең тіршілік сол. Айтпақшы, біздің отбасымызда бір сүйінші жаңалықтар болып жатыр.
Отбасымызға +1 күйеу бала. Енді өзімнің қайын сіңлімді ұзатамын, бұйыртса. Жастарға бақыт тілеп қойыңыздар», - деп жазды ол.