Ырыс басы – ымыра

Ырыс басы – ымыра

Ырыс басы – ымыра
ашық дереккөзі
262
Конституция – еліміздің негізгі заңы. Заңдардың барлығы Ата заңымыздан бастау алады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары деп көрсетілген. Конституция мазмұнымен баянды етілген адамның құқықтары мен бостандықтарын толық қамтамасыз ету үшін еліміздің заңнамалары үнемі жетілдіріліп келеді. Соның ішінде азаматтық даулар бойынша, қылмыстық істер бойынша жылдам, тиімді, әділ шешімге азаматтардың қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін дауды шешудің әртүрлі баламалы жолдары сот саласында да үнемі жетілдіріліп келеді. Істі медиация рәсімімен қарау уақыттың жылдамдығымен, құпиялықты сақтаумен, екі тараптың да пайдасына қарай шешілетіндігімен ұтымды. Қазіргі уақытта медиаторлардың қатысуы­мен істер тиімді шешілуде. Сот тәртібінде қарастыруға тиіс даулардың санын қысқартып, оларды шешудің баламалы тәсілін қолдану, оның ішінде бітімгершілік рәсімдер – медиация әдісін қолдану адам құқықтарының әділ сақталуының кепілі. Медиацияның тиімділігі орасан зор. Дау­ласушы тараптар қысқа мерзімде келісімге келуге мүмкіндік алады, іс сот медиациясы тәртібімен аяқталғанда талапкерге мемлекеттік бажға төлеген шығын қайтарылады, дауды сот медиациясы тәртібімен реттеу туралы келісім судьямен бекітілетіндіктен тараптар дауды тез шешуге қол жеткізеді, келісім орындалмаған жағдайда, атқару парағы келісімді мәжбүрлеп орындау үшін берілуі мүмкін. Мемлекет басшысының Республика судьяларының VII съезінде берген тапсырмасын жүзеге асыру үшін медиацияны қолдану салаларын одан әрі кеңейту мақсатында жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу міндеттілігі бойынша Жоғарғы Сот пилоттық жобаны іске қосты. Пилоттық жобаны іске асыру жөніндегі тиісті ереже Жоғарғы Сот төрағасының өкімімен бекітілді. Жоба шеңберінде мұрагерлік, некені бұзу, мүлікті бөлу, шығару және кондоминум басқару мәселелері, қарыз шарттарға қатысты, кейбір еңбек даулары және т.б. санаттағы даулар (жанжалдар) бойынша медиацияны міндетті түрде жүргізу қамтылады. Пилоттық жобаның мақсаты – даулардың (жанжалдардың) жекелеген санаттарын медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді азаматтық сот ісін жүргізуге енгізу болып табылады. Дауды реттеу туралы келісім оған тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді. Медиация келесі қағидаттар негізінде жүргізіледі: Еріктілік, Медиация тараптарының тең құқылығы, Татуластыру рәсімдерін жүзеге асыратын медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы, Медиация рәсіміне араласуға жол бермеушілік, құпиялық, қолданыстағы заңнаманың талаптарына сай болуы. Медиация тәсілін пайдалану – еліміздің әлемнің бәсекеге қабілетті мемлекеттерінің қатарына қосылуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Түркістан қалалық сотында былтырғы жылы 68 қылмыстық іс, 90 азаматтық іс, 9 әкімшілік іс медиация тәртібімен бітімге келген.

Бибімәрия Пәтте,

Түркістан қалалық сотының

бас маманы,

ҚР «Судьялар одағы» ОҚО филиалының мүшесі

Серіктес жаңалықтары